ТЖ

Қазанның 19-ы – құтқарушылардың кәсіби мерекесі



 

Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне осы саланың ардагерлері де шақырылды. Саналы ғұмырын төтенше жағдайлар қызметіне арнаған Ноғай Жамалиев әріптестіренің қуанышына ортақтасуға келген. Зейнеткер заман ағымынан қалыспай келетін бүгінгі қызметтің тыныс тіршілігі көз қуантады дейді.

Ноғай Жамалиев, ТЖД ардагері:

-60 – шы және 90 -шы жылдарды салыстыра келсек арасы жер мен көктей. Енді қазіргі уақытта жұмыс істеуге болады.Қазіргі жастарға тілейтінім қызметтері үстем болып, өрт көп болмасын.

Халқымыз бен табиғатымызды қорғауда төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жүктелер міндет зор. Аталмыш сала мамандары жыл басынан 694 рет тілсіз жауды ауыздықтап, 114 адамды ажалдан құтқарған. Өз жұмысында қырағылық танытып,еңбегімен ерекшеленген бір топ азаматқа төл мерекеде  «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» үшінші және екінші дәрежелі медальдары табыс еттілді.  Сайлау Ғабдуллин осы салада 15 жыл тынымсыз қызмет етіп келеді. Бүгінде бөлім бастығына дейін көтерілген азамат еңбегінің еленгеніне қуанышты.

Сайлау Ғабдуллин, Тимирязев ауданының №18 ӨСБ бастығы:

-Мерекемен барлық әріптестерімді құттықтаймын. Бүгінгі марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын.

Сондай – ақ бір топ қызметкер қала әкімінің құрмет грамотасына, 11 азамат алғыс хатына ие болды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

 Жандос Наурызбаев