Білім

Қазанның 19-ы – лицейлер күні

 

 

 

Бірінші лицейдің оқушыларды білім нәрімен сусындатқанына биыл  20 жыл. Айтулы мереке ел тәуелсіздігінің тұғырлы тойымен тұспа-тұс келген. Осы уақыт аралығында білім ошағының ұстаздары мен оқушыларының қол жеткізген жетістіктері аз емес. Лицей елдегі 100 үздік мектеп қатарында.

Мейрам Әбілев, Бірінші лицейдің қазақ тілі пәні мұғалімі:
– Біздің лицейде математика пәні ерекше оқытылады. Сонымен қатар қазақ тілі де оқытылады. Әр түрлі олимпиадалар мен байқауларда оқушыларымыз үздік орындар алып келеді.

Екі ғасыр бойы аталып өтетін лицей күнінің маңызы қазір де ерекше. Бұған бүгінгі іс-шара дәлел. сахна төрінен оқушылар даярлаған ән мен би төгілді. Сондай-ақ үздік оқушылар мен ұстаздар, белсенді сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Александра Назаренко, Бірінші лицей оқушысы:
– Мен қазақ тілін оқимын. Түрлі олимпиадаларға қатысамын. Маған өте ұнайды.

Лицей оқушыларының облыстық, республикалық байқауларда жоғары орындарға қол жеткізуі ұстаз еңбегінің нәтижесі. Лариса Батыреваның білім ордасында ұстаздық еткеніне 15 жылдан асыпты. Заман өзгергенмен, лицеистерге қойылар талап сол қалпы дейді ол.

Лариса Батырева, Бірінші лицейдің математика пәні мұғалімі:
– Біз ел болашағын тәрбиелейміз.Сондықтан лицеистердің келешекте мықты маман болулары үшін аянбауымыз қажет. Осы оқу жылында лицейдің 20-шы шығарылымы үлкен өмірге жолдама алмақ.

Қазіргі уақытта білім ордасының 1000-даған түлегі түрлі сала бойынша жемісті жұмыс атқаруда.

Инеш Шоқақова