Қайырымдылық

Қан қысымыңды тексер!

 

Кешкісін  Интернационал және Астана көшелерінің қиылысында  кез-келген қалалық өз қан қысымын өлшету мүмкіндігіне ие болды.  Акция ұйымдастырушылары бұл ретте  денсаулық  және қоршаған ортаның ластануы мәселелеріне қалалықтардың назарын  аударуды мақсат еткен. 

Дәукен Темірбаев,  ҚКХП СҚОК бірінші хатшысы:

– Біздің партияның міндеті – біздің адамдардың мүддесін  қорғау және  өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау, бұл, әрине,  адамдардың денсаулығына қамқорлық  жасау . Осы мақсатта біз қазір бүкіл елде осындай акциялар өткізіп жатырмыз.  

«Қан қысымыңды тексер!» деп коммунистік партия белсенділері бірінші рет үндеу тастап отыр. Ең бастысы, адамдардың өз денсаулығы туралы дер кезінде ойланғаны маңызды дейді олар.  Бұл ретте салауатты өмір салтын ұстанудың мәні зор.

Дәукен Темірбаев,  ҚКХП СҚОК бірінші хатшысы:

-Бүгін акция барысында біз өзіміздің дұрыс жолда екенімізге көз жеткіздік.  Бізге кездескен 35 жастағы әйелдің қан қысымы 120/200, 27 жастағы жігіт те ауыратын болып шықты.  

Ал өз қан қысымын білгісі келген қалалықтар аз болған жоқ.