20 игі іс

“20 игі іс”

 

 

 

Интернат тәрбиеленушілері бүгін тағы да ықылас пен мейірімге бөленді. Бұл жолы сый-сияпатын ішкі саясат басқармасының мамандары ала келген.  
Сыйлықтарды балалар қуана қабылдады. Алғыстарын білдіргеннен кейін оларды бірден іске жаратуға кірісті. Ой-қиялдарын қағаз бетіне түсіру – интернат тәрбиеленушілерінің сүйікті ісі.

Алена Моор:
-Сыйлықтар өте ұнады. Үлкен рахмет.
Сандуғаш Молдағалиева:  
-Бізге осылай жиі келеді. Сыйлықтар тарту етеді. Бүгінгі сыйлықтар көңілімізден шықты.

Бұл кездесу – ішкі саясат басқармасы мамандарының соңғы қайырымды ісі емес. Олар «20 игі іс» акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға әлі де көмек жасамақ.

Руслан Әлішев, СҚО ішкі саясат басқармасының бастығы:
-Жуық арада Смирнов қарттар үйіне баруды жоспарлап отырмыз. Ол жерде аяқ киім жөндеу, тігін ісімен айналысатын адамдар бар. Осыған қажет құрал-жабдықтарды жеткіземіз. Сонымен қатар бөбектер үйінің жанында ағаш отырғызуды межелеп отырмыз. Және осы интернатқа тағы да келіп, көмек көрсетеміз.

Осы уақытқа дейін «20 игі іс» акциясы аясында солтүстікқазақстандықтар үш мыңнан артық қайырымды шара өткізген. Аталмыш акция әлі де жалғасын таппақ.

Айымгүл Әбілева