Қайырымдылық

“Жиырма игі іс” акциясы жалғасуда



 

Игі шара мүгедектерді қолдау айлығымен тұспа-тұс келіп отыр. Жарқын істер аясында аталмыш орталыққа осыған дейін көптеген сыйлықтар тарту етілген. Бұл жолы олардың қатарын декоративті ағаш толықтырып, орталыққа сән бере түсті. Сондай-ақ мұнда жеткіншектердің денсаулығын жақсартатын дәрумендер жеткізілді.

Рашида Иванова, СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында бастау алған игі шарадан тыс қалған емеспіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Анатолий Коның атынан шағын сыйлығымыз бен балаларға арналған дәрумендерді әкеліп отырмыз. Мұқтаж жеткіншектерімізге жақсылық жасау – ортақ міндет.

Бүгінгі күні аталмыш орталықта мүмкіндігі шектеулі 20 тәрбиеленуші бар. Балаларға мемлекет тарапынан күтім көрсетіліп, игі істердің қолға алынуы нұр үстіне нұр дейді, орталық директоры.

Евгения Володина, тірек – қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу эксперименттік орталығының директоры:

-Біздің балалар назарсыз қалмай, оларға жан-жақты көмек көрсетілуде. Арамызда ақ жүректі жандардың бар болғаны, әрине, қуантарлық жайт. Сондықтан, қол ұшын созған азаматтарға алғысым шексіз.

11 жасар Бақытжан Негметтің орталыққа келгеніне екінші жыл. Осы сынды қайырымдылық шаралардың ұйымдастырылуы  біз үшін мереке дейді.

Бақытжан Негмет, тәрбеленуші:

-Мұнда өте жақсы. Маған ұнайды. Спонсорлар әртүрлі сыйлықтар береді.

Болашақтарын медицина саласымен байланыстыруды жоспарлап қойған орталық тәрбиеленушілеріне медицина колледжі мен балалар стоматологиялық емханасына саяхат ұйымдастырылды.

Жандос Наурызбаев