Облыста орақ науқаны аяқталуға жақын

Ауыл шаруашылығы

17:07 18 Қазан 2011

Ағымдағы жылы өңір диқандары 4,5 млн га жерге тұқым сіңірген. Оның 3 млн 900 мың гектары бидай. Қазір облыста 3 144 шаруа қожалығы және 649 агроқұрылым бар. Бүгіндері олар 8 млн 380 мың тонна астық бастырған. Мұнымен қоса 190 мың гектар алқапта майлы дақылдар жиналды. Көкеністің 99 пайызы, ал картоп толықтай қоймаларға жеткізілді.
Ақжар және Уәлиханов аудандарында астық жинау науқаны аяқталды. Алдағы бірер күнде өзге аудандар да үлкен науқанды қорытындыламақ.

 Дана Ғизатова

Бұдан әрі оқыңыз

Диқандар 4,8 млн тоннадай дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинады
Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген
Ауыл шаруашылығына 79 млрд теңге инвестиция құйылды
Күзгі көкөніс жинау жұмыстары