Спорт

Спортшылар олжасы

Сергей Усольцев олимпиадалық ойындарда осымен екінші мәрте шеберлігін сынап көрді. Мүгедектер арбасымен түрлі қашықтықтарға жарысудан өңіріміздің бір ғана өкілі жалғыздығын сездірмеді. Жерлесіміз кезекті додада былтырғы есесін артығымен қайтарып, үш бірдей алтын алқа асынып қайтты.

 Сергей Усольцев, жарыс жеңімпазы:
-200 метрлік жарыс жолындағы тартыста мен жеңісті мәреге жетуге соңғы секундтар қалғанда жұлып алдым. Өзге сындар аса ауырлық тудыра қоймады. Трассаның ауырлығы сезінді. Өйткені біздегі жолдар жылдамдықты асыруға қолайлы.

Өңір құрамасының енді бір белді өкілі Владимир Эрман да сенімді ақтай білді. Суда өзін балықша сезінетін Владимир қанжығасын үш бірдей алтын алқамен майлап қана қоймай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері талаптарын мүлтіксіз орындапты.

Владимир Эрман, жарыс жеңімпазы:
-Үш қашықтықта жүздім. Қарсыластарым осал болмады. Сонда да намысты қолдан бермей, бәрін жеңіп шықтым.

Жүзуден спорт шебері Марлан Сарымсақовтың да 7 жылдық тынымсыз жаттығуы зая кетпепті. Жерлесіміз әр сынын үздіктердің қатарында аяқтап, құрама қоржынына бір-бірден алтын, күміс және қос қола алқа салан.

Марлан Сарымсақов, жарыс жеңімпазы:
-Жақсы жаттығу болса, бүкіл алтын медальді жинап әкелуге болады. Енді 2015 жылы 4-ші паралимпиадалық ойындар өтеді Атырау қаласында. Алла жазса, соған қатысамыз.

Жалпы мүгедектер арасында өткен ел деңгейіндегі жарыста өңір намысын 15 спортшы қорғады.

Вячеслав Латышев, СҚО мүгедектер спортынан аға жаттықтырушысы:
-Бұл өткен жарыстың басты мақсаты  – Лондонда өтетін параолимпиадалық ойындарға Ұлттық құраманы іріктеу. Спорттың 8 түрінен таңдау өтті. Жалпыкомандалық есепте 15 құраманың ішінен жарысты 9-шы орында аяқтадық.  

Өңір құрамасының қоржынына түскен барлық 31 алқаның 15-і – алтын, 10-ы күміс, қалғаны – қола.

Жеңіс Ермұқанов