Қоғам

«Нұр Отандағы» ашық есік күні

“Халық дауысы” акциясы – ұсынысыңды айтып, өтінішіңді білдіріп қалу үшін үлкен мүмкіндік дейді ардагерлер. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға олардың әрқайсысы өзекті мәселелерді арқалай келген.  

 

Таңат Сүгірбаев, облыстық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі:
-Ардагерлерді алаңдататыны өскелең ұрпақтың тәрбиесі.

 

Акция жөнінде естіген Ораз Досанов нұротандықтараға назын жеткізу үшін Аққайың ауданынан арнайы келіпті. Көмек сұрап кейінгі толқын өкілдері де келген. Гүлжан Жетпісова келесі жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәмамдап, заңгер мамандығын алып шықпақ. Жұмысқа орналасудың қамын бүгіннен ойластыру қажет дейді ол.

 Гүлжан Жетпісова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
-Қазірде жұмысқа орналасу оңай емес. Көп жерде еңбек өтіліңді сұрайды. Сондықтан қандай да бір көмек болса, жақсы болар еді.

Жалпы бұл күні “Нұр Отан” партиясында өткен қоғамдық қабылдауға жиырма бес солтүстікқазақстандық келді. Айта кету керек, “Халық дауысы” акциясының алғашқы бес күнінде -ақ бастауыш партия ұйымдарының жиындарында 3 500-ден астам үнпарақ жиналған. 1500 адам өз ұсыныстары мен өтініштерін облыс орталығы мен аудандарда қоғамдық орындарда арнайы қойылған урналарда қалдырған. Ал 300 тұрғын көкейкесті мәселелерін “Нұр Отан” партиясының қоғамдық қабылдауына келіп білдірген.