Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар – Астанада

 

Облыс кәсіпкерлері өз өнімдерін «Думан» ойын-сауық орталығында орналастырып, саудаға шығаруда. Бұл жерде 60 сауда орны мен 21 киіз үй тігілді. Жерлестеріміз ет-сүт өнімдері, сиыр еті, шұжық, қаймақ, сүт, бал және кондитерлік өнімдер ұсынуда. Сонымен қатар, он саусағынан өнер тамған жергілікті шеберлер де Елордаға өз өнімдерін жеткізді. Ал облыс өнер ұжымдары қала қонақтарына мерекелік ән-жырдан шашу шашпақ. Барлық шаралар ертең қазанның 12-інде қорытындыланады. Үш өлкенің өнер ұжымдары Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін гала-концертке қатысады. Бұған дейін Астана қаласында Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарының мәдениеті күндері өткен болатын.

Гүлмира  Шоқтыбаева