Қоғам

«Біз денсаулықты таңдаймыз»



 

Байқауда әр команданың денсаулық саласында туындап жататын қиындықтармен күресе білу қабілеттері бағаланды. Бұл орайда әр топ өздігінше ерекшеленуге тырысты. Мәселен, «Олимпикс» құрамасы жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік мен нашақорлық мәселесіне баса назар аударды. Олар улы заттардың ағзаға қалай кері әсер ететінін сахналық көрініс арқылы ашып берді. Ал «Креатив» тобы  «Балдырған» клубынан келіпті. Олардың қойылымдары юморға  құрылып, көрермендердің езуі бір сәтке жиылмады. Бұл жасөспірімдер көңілді тапқырлар клубында жиі өнер көрсетеді екен.

Тимур Сақтағанов, «Балдырған» клубының мүшесі:
– Бұрыннан бері КВН ойнап жүрміз. 4 жыл болды. Мектеп атағын шығарып жатырмыз. Көп орындар алдық. КВН біздің өміріміз сияқты.

Атына заты сай болған «Креатив» командасы үздік атанды. Жеңімпаздар түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Лариса Калтушкина, «Көктем» балалар мен жасөспірімдер клубының ұйымдастырушы-педагогы:
– Біз осы жақсы дәстүрді жаңғырту мақсатында сайыс ұйымдастырдық. Жалпы байқаудың мұндай түрлері үлкен өнерді қажет етеді. Балалардың ой-өрісінің дамуына септеседі.

Ұйымдастырушылар мұндай сайысты жыл сайын өткізіп тұрамыз дейді.

Гүлден Төлеген