Құқық қорғау органдары

Есірткі саудагерлері қолға түсті

Полицейлер қылмысқа қатысы бар 26 жасар қалалықтың ізіне түсіп, бақылауға алған. Осының арқасында өзге саудагерлерді әшкерелеу мүмкіндігі туды. Есірткі сатуды кәсіп етушінің екіншісі де қала тұрғыны болып шықты. 29 жасар күдікті қылмыс үстінде құрықталды. Ол салмағы 2 граммнан асатын героинді саудаламаққа әрекет еткен. Бұдан кейін жедел уәкілдер сананы улайтын заттармен  сатушыларды қамтамасыз етіп жүрген  үшінші қылмыскердің соңына түсті. Күдікті Жұмысшы кентінің тұрғыны болып шықты.

Жұмажан Мұқатанов,  СҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы:
– Ұсталғандар осыған дейін де бірнеше рет сотталған. Онымен қоса полиция мен наркологиялық орталықта есірткіге тәуелді азаматтар ретінде тіркеуде тұр.

Тексеру барысында қылмыстық жолмен ақша тауып жүрген үштіктің құрылыс, жөндеу жұмыстарымен айналысатыны анықталған. Есірткі саудагерлері қамауға алынды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді олардың тағдырларын сот шешеді.

Айдана Демесінова