Бизнес және экономика

9 айдың статистикалық көрсеткіштері

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың қаңтары мен тамызы аралағындағы өңір тұрғындарының орташа жалақысы 57 041 теңгені құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 13,9% жоғары. Қыркүйек айының соңына дейін 2 851 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. 9 айда 10 222 азамат жұмыспен қамтылды. Бұл еңбекпен қамту мекемелерінің көмегіне жүгінгендердің 88,6%.
Тұтыну рыногінің өсімі де жаман емес. 2011 жылдың қыркүйегінде тұтыну рыногінде тауар және қызмет көрсету құны 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,5%-ға, оның ішінде азық-түлік тауарлары  – 6,7%-ға, ақылы қызмет бағалары 12,6%-ға өсті.

Айдана Демесінова