Құқық қорғау органдары

Ресей поезының бастығы парамен ұсталды

 

 

 

Заңсыз әрекетті “Солтүстік” басқармасы Петропавл аймақтық отрядының “Мамлют” шекаралық бақылау бөлімінің әскери қызметкерлері қазанның 6-сы анықтаған. Мұндай заң бұзушылық фактісі мемлекет шекарасында соңғы айда 3-рет тіркеліп отыр. Бұған дейін Петропавл отрядының шекарашылары Ресейдің 15 азаматына құжат толтырып, пара алмақшы болған 2 қазақстандықты қолға түсірді.
Осыған ұқсас оқиғаны семейлік шекарашылар да анықтапты. Мұнда лауазымды тұлғаға жеке кәсіпкер пара ұсынған екен. Осылайша ол жүк артқан 7 Камаз көлігін шекарадан өткізбекке әрекет еткен. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айдана Демесінова