Құқық қорғау органдары

Полицейлер бүкіл өңірді дүрліктірген екі педофилді ұстады.

 

 

 

Алғашқы қылмыстық оқиға Ақжар ауданындағы Қулыкөл ауылында тіркелген. 2 сынып оқушысы әдеттегідей мектептен үйге қайтып келе жатқанда оның алдынан бейтаныс адам шыққан. 51 жастағы ауыл тұрғыны 7 жасар қыздың жалғыз екенін пайдаланып, қаңырап бос тұрған үйге күштеп апарады. Ащы суға тойып алған зорлаушы баланы сол жерде қорлаған. Қыз бұл сұмдық оқиға жайында анасына айтқан. Жедел уәкілдер күдіктіні қамауға алды. Сондай оқиға Мағжан Жұмабаев ауданындағы Карағанды ауылында қайталанды. 8 жасар қыз ағасына көршісінің қорлығы жайында айтыпты. Күдікті 65 жастағы зейнеткер болып шықты.

Спартак Қабденов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы:
-Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК 121-ші бабының “нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану” тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айымгүл Әбілева