Әр түрлі

Петропавлға жаңа байланыс операторы келді

Қазанның 8-інен бастап қала тұрғындары «Теле 2» еуропалық байланыс операторының абоненті бола алады. Осы күні Петропавлда оның фирмалық салоны   халыққа қызмет көрсете бастады. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Нұржан Әшімбетов  қатысты.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
-Бүгін Петропавлда жаңа «Теле2» байланыс операторының таныстырылымы өтіп жатыр. Бұл компания тиімді тарифтерді ұсынып отыр. Бүгіннен бастап солтүстікқазақстандықтар оның қызметін пайдалана алады.

«Теле 2» – әлемдегі 10 елдің 31 миллионнан астам абонентіне мобильді және тұрақтандырылған телефонияның, кең жолақты Интернетке қол жетімді қызмет түрлерін ұсынады. Жуырда бұлардың қатарына 11-ші мемлекет болып Қазақстан да қосылды

Алексей Баров,  «Теле2 Қазақстан» коммерциялық директоры:
– Қазақстан – инвестиция үшін тимді ел. Оның экономикасы дамып, халқының саны артып келеді. Онымен қоса, мұнда ұялы телефон байланысының нарығында 2-ақ ірі байланыс жүйесі бар.
Осының барлығы жаңа байланыс операторының келуіне жол ашады.  

Бұл күні жаңа байланыс операторының қызметін пайдаланып, «Теле2-ға қош келдіңіз!» бағдарламасына қатысу үшін келгендердің қарасы қалың болды. Акцияға орай кез келген азамат арнайы сертификатты ұсынып, жаңа «Теле2» нөмірін иеленді.

 -Симканы алғаныма қуаныштымын. Көптен күттік. 8 теңге барлық бағытта.
-Осы алып жатқан сим-карталар тегін. Арзан беріліп жатыр. Өте ыңғайлы байланысқа.

Айдана Демесінова