Ауыл шаруашылығы

Өңірде астықтың 89 пайызы жиналды

Биыл гектар берекелігі орташа алғанда 20,7 центнерден айналуда. Астық жинаудан Тимирязев ауданы көш бастап келеді. Ауданның агроқұрылымдары гектарынан орташа алғанда 25 центнерден бидай алып жатыр Ақжар мен Уәлиханов аудандары маңызды науқанды толық аяқтады. Тайыншалықтар да істі еңсеруге таяп қалды. Аталған ауданда жұмыс 89,9 пайызға орындалыпты. Осы уақытта алдағы көктемге 542 мың 200 тонна тұқым дайындалған. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер пішен мен сүрлем шөп те дайындаған. Барлығы 101 мың 500 тонна пішен және 149,4 мың тонна шөп әзірленіпті.

 

 

Гүлден Төлеген