Денсаулық сақтау

Тұмауға қарсы егу

 

 

“Денсаулық” мекемесіне тұмаудың алдын алуға арналған вакцинаның 1 376 данасы жеткізілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда біршама артық. Жалпы, аталмыш мекемеде тіркеуде тұрған азаматтар саны 25 мыңға жуық.

Нина Зеленская,  «Денсаулық» мекемесі директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары: – Алдын алу шарасының аясында тұмауға қарсы егу жұмыстарын бастап кеттік. Әрине, вакцина бірінші кезекте медицина қызметкерлері, жүрек, қан тамыр жүйелері зақымданған науқастар және зейнеткерлерге егілетін болады. Бұның барлығы тегін жүзеге асуда.

Ваксигрипп А және В түріндегі тұмау вирусының эпидемиялық өзекті штаммдарына арнайы иммунитеттің дамуын қалыптастарды. Сондықтан “Денсаулық” мекемесіндегілер вакцинаны жыл сайын алып тұрамыз дейді.

Любовь Бодарева,   акушер-гинеколог:

-Вакцинаның әсері күшті.Жыл сайын егіп отырамын.
Вера Горбатых, лаборант:

-Иммунитет мықты болса, қыстан ауырмай шығамыз деген үміттемін.

Бұл ем тұмауға ұқсас басқа қоздырғыштар туындатқан ауруларға да қарсы тұра алады екен.

Юрий Пузиков, СҚО СЭҚД бастығының орынбасары: -Әрбір тұрғын тұмауға қарсы вакцинаны алмай тұрып дәрігердің тексерісінен өтуі тиіс. Вакцина негізінен 6 айлық нәрестеден бастап қойылады. Біздің өңірімізде тұмауға шалдыққан азаматтар тіркелген жоқ. Десе де, қазанның 15-не дейін адамдар мүмкіндігінше аталған емді алуы тиіс.

Жалпы, ағзаның ауруға қарсы күресуі 2-ші және 3-ші апта аралығында айқындалып, 6 айдан – бір жылға дейін