Құқық қорғау органдары

Полицейлер жоғалған баланы іздеп тапты

 

 

 

10 жастағы Стас Васянин ағасымен және 14 жастағы екі жолдасымен бірге үйінен шығып, ойнауға кеткен. Елді мекеннен 5 шақырымға ұзап шыққанда  жеткіншектермен келіспей қалған Стас үйіне жалғыз оралуды ұйғарған. Бірақ  кешкі тоғыз шамасында үлкен ағасы Илья үйге оралғанда інісін іздеп таба алмаған. Үрейленген ата-ана бірден Стасты іздеуге шықты. Кейін учаскелік инспектор арқылы тәртіп сақшыларына хабар жетіп, дабыл қағылды. Сондай – ақ іздестіру шарасына ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жағымды хабарды іздестіру шарасының үшінші күнінде полиция капитаны Дәурен Мусин жеткізді. Ол баланы селодан 7 шақырым жерде үйілген сабан арасынан аңғарған.

Стас Васянин:

-Бөтен ауылға қалай тап болмағанымды өзім түсінбедім. Ағаш арасында түнеп, шие жеп, екі күнімді өткіздім.

 
Мария Васянина, анасы:

-Ұлымды іздеуге атсалысқан барлық азаматтарға, әсіресе Дәурен Мусинға алғысымыз шексіз. Баламызды енді қайтіп тірі көреміз деп ойламадық. Бұл біз үшін үлкен сабақ болды.  

Балаларға ренжіп адасып кеткен Стас отбасына қайта қосылғанына өте қуанышты.