ТЖ

Өрт оқиғалары жиіледі

 

 

 

 

Бірінші төтенше жағдай қазанның 5-і күні таңертең болған. Сағат сегіз кездерінде Петропавлдың Разин көшесіндегі 103-ші үй белгісіз жағдайда түгел жанып кеткен. Отты ауыздықтауға 4-ші өрт бөлімі мен 3-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелері шұғыл түрде жұмылдырылғанымен, баспананың күл-талқаны шықты. Дәл осы күні өрт Есіл ауданының Покровка селосындағы көпқабатты үйдің пәтерінде тұтанған. Абұйыр болғанда 3 қабатты баспана мен оның тұрғындары дін аман. Тағы бір ірі от Петропавл қаласының Украинская көшесі 218 мекен жайында тұтанды. Онда электр бағанасы істен шығып, алау лезде таралып кетіп, “СК РЭК” ЖШС электр кабелі мен бағанасы істен шыққан. Құтқарушылардан көмек сұрап М. Жұмабаев ауданының тұрғындары да дабыл қаққан. Карағанды ауылында бір мая пішен жанған. Қызыл жалын 10 тонна шөпке залал тигізді. Соңғы өрт бүгін таңғы жетіде болды. Петропавлдың Уәлиханов көшесі, 28 мекенжайы бойынша орналасқан жатақханада 117 бөлме күйген. Өрт  ортасынан 90 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Гүлден Сәрсенбаева