Мәдениет

«Есіл» Астанада өнер көрсетеді

 

 

Осы күні «Есіл» қазақ халық аспаптар оркестрі қызу дайындық үстінде. Елордада Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында өтетін гала- концертте лайықты өнер көрсету үшін ұжым тынбай еңбектенуде.

Қайырлы Ғафуров, «Есіл» қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі:
-Біз үшін үлкен мәртебе. Сол концертке Елбасы қатысады деген ойдамыз. Қарағанды, Маңғыстау облысы бізбен бірге болады. Үш облыстың өнер ұжымдары қатысқан гала-концертте біз жақсы өнер көрсетеміз деген ойдамыз.

Оркестр гала-концертте  Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауын»  орындамақ. Бұдан өзге өнер ұжымы тағы бес-алты туынды әзірлеп жатыр.

Қайырлы Ғафуров, «Есіл» қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі:
– Өзіміздің жергілікті композиторлардың, ақын-жыршылардың туындыларын қосуға тырыстық. «Шаттық Отаны», «Саржайлау», «Өскінбай Өрен», «Қыз қарағай», «Ақбақай» әндер дайындап жатырмыз.

«Есіл» қазақ халық аспаптар оркестірінің өнерсүйер қауымды қуантып келе жатқанына он бір жыл. Өнер ұжымы көптеген байқаулардың жеңімпазы. Бүгінде оркестр құрамында қырыққа жуық мкузыкант еңбек етуде.

Айғаным Махамбетова, «Есіл» қазақ халық аспаптары оркестрінің мүшесі:
-Біз гала-концертке барынша дайындалып жатырмыз. Біз үшін үлкен жауапкершілік. Жақсы өнер көрсетеміз деген сенімдемін.

Қазақ халық аспаптар оркестрімен бірге гала-концертте облыстық камералық хор, «Қызылжар» халық әні ансамблінің әншілері мен «Әдем-ау» ұжымының бишілері өнер көрсетеді.

Айымгүл Әбілева