Құқық қорғау органдары

Жолдағы қабылдау

 

Жол сақшыларының әдетте көлік жүргізушілерін құжаттар мен жүкті тексеру үшін тоқтатынына көлік иелері әбден үйреніп алған. Бірақ бұл жолы хаттама толтырмай, тәртіп сақшылары азаматтарға жол қауіпсіздігі ережелері жөнінде жадынамалар мен кітапшалар таратып жатыр. Сондай-ақ жасырын сауалнама толтыру ұсынылуда. Шара аясында 2,5 мыңға жуық жүргізуші «жол полицейлері заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтай ма?» сынды бірқатар сұрақтарға жауап берді. Бұдан кейін “Жолда қабылдау” акциясын ұйымдастырушылар Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Аудандық мәдениет үйіне жиналған жұртшылықтың жол полициясы басшылығына қояр сұрақтары мол болды. Негізінен әңгіме қазанның бірінен әр ереже бұзушылық үшін жүргізуші куәлігі тәркіленеді деген жаңалық төңірегінде өрбіді. Ұйымдастырушылар Аққайың ауданының орталығы Смирново елді мекенінің тұрғындарымен де тілдесті. Мұнда да жүргізушілер жол сақшыларына толғандырып жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Айта кету керек, облыста жыл басынан 228 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Соның салдарынан 411 адам көз жұмып, 283 азамат түрлі деңгейде жарақат алған. Ұйымдастырушылар бірлескен осы тектес алдын алу шаралары бұл келеңсіздіктерді азайтуға сеп боларына сенімді.

Жеңіс Ермұқанов