Қазандағы ауа райы

Әр түрлі

14:57 4 Қазан 2011

«Қазгидрометтің» болжауынша қазан айының бірінші онкүндігі шуақты болмақ. Сынап бағанасы түнде 2-7 градус жылылықты көрсетіп, күндіз бұл көрсеткіш + 15-ке жетеді. Аспан шайдай ашық болады. Ай ортасынан ауғанда күн ызғарланып, күздің қара суығы мінез танытпақ. Күндіз күн көзінің шуағы шашылса, кешқұрым бірден суытып, жерлестерімізге жылы киімге көшіп, бөкебайға оранып жүруге тура келеді.

Гүлзат Ғазизова, СҚ гидрометеорология орталығының бөлім бастығы:
– Екінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 0-5 градус аяз, кей жерлерде –  5 жылы, күндіз  – 9-15 градусқа дейін жоғарылайды. Үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 3-8 аязға, күндіз 7-12 жылыға , кей жерлерде 3градус  аязға дейін ауытқиды.

Аграрлы өңірдің диқандарына қолбайлау болып, осы күндері солтүстіктің ызғарлы суығымен қатар оқтын-оқтын жауын-шашын мазалайтын болады дейді мамандар. Айлық деңгейі мөлшер шамасынан асып, 37 мм-ге шейін түсуі ықтимал.

– Бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің екінші жартысында, үшінші онкүндікте кей жерлерде жауын-шашын болады. Үшінші онкүндіктің ортасында көктайғақ болуы ықтимал.

Қазанның 5-6 және 20-нан соң батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда. Дәл осы күшпен бірінші онкүндіктің соңында жел бағытын өзгертіп, шығыстан соғуы мүмкін. Синоптиктер соңғы 73 жылда облысымызда қазан айындағы ең суық ауа температурасын 1940 жылы тіркепті. Онда сынап бағанасы 26 градусқа дейін төмендеген. Ал 14 жыл бұрын осы айда ауа райы керісінше 26 градусқа дейін жылынған екен.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Қалада тағы бір “Шығыс кілемдер” салоны ашылды
Қазақстандықтар желтоқсанда 12 күн демалады
Жерлесіміз халықаралық сұлулық байқауына қатысады