Құқық қорғау органдары

Тағы бір есірткі сатушы ұсталды

 

 

 

Есірткі саудагері кезекті героин дозасын сату үстінде құрықталды. Сезіктіден 17 мың теңге тәркіленген. Нашақорлар арасында улы затты таратумен айналысқан 37 жастағы азаматты тәртіп сақшылары бірден аңғарған көрінеді. Бұл адамның барлық заңсыз әрекеттері полиция қызметкерлерінің жіті бақылауында болған.

Жұмажан Мұқатанов, СҚО ІІД ЕБҚКБ бастығы:

-Сезікті бұған дейін сегіз рет сотталған, оның ішінде үш мәрте осы заңсыз есірткі сатқаны және сақтағаны үшін жауапқа тартылды.

Күдікті құрықталғаннан кейін, полицейлер оның тұрып жатқан үйінде тінту жүргізген. Нәтижесінде героин есірткісі табылып, тәркіленді. Соңғы жазасын бір жыл бұрын ғана өтеп шыққан ер адам өзі де нашақор болып шықты. Сезікті қамауға алынып, аса ірі көлемде есірткі сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Айдана Демесінова