Құқық қорғау органдары

Ереже бұзсаң – куәліктен айырыласың

Егер бұл уақыттың ішінде айыппұл өтелмесе, іс соттың қарауына жіберіледі. Ал темір тұлпар айыппұл тұрағына қойылады. Сот жүргізушіні 10 тәулікке дейін қамауға алу туралы шешім қабылдауға құқылы. Немесе оған алғашқы айыппұлға қоса 10 АЕК-тен 20 АЕК мөлшерінде тағы айып салынады. Айыппұлды банк немесе жол полициясы басқармасында орнатылған терминал арқылы төлеуге болады. ҚР ІІМ 2010 жылғы 30-шы маусымында шыққан қаулысына сәйкес жүргізу куәлігі ереже бұзушылық қайталанса, немесе азамат рөлге мас күйінде отырса ғана тәркіленетін. ҚР Жоғарғы сотының қаулысына сәйкес 2011 жылдың 1-ші қазанынан бұрынғы ереже заңды күшін жояды.

Жеңіс Ермұқанов