Спорт

Әскери-спорттық көпсайыс

 

 

 

Сайысқа «Жас Батыр», «Арман», «Достық», «Надежда» және «Элегия» атты 5 аула клубы қатысты. Әрбір топ үздік деген 5 қатысушыларын ойынға қосты.

Ольга Торопова,  «Арман» балалар мен жасөспірімдер клубының педагогы:

-Бұл жарысты Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отырмыз. Балалар оған қуана қатысып жатыр. Жарыстың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор.  
 
Сайысқа қатысушылар жүгіру, газдан қорғану құралдарын кию, туристік жол бөгеттерінен өту, атыс сияқты спорттың 6 түрінен сынға түсті. Жасөсіпірімдер осындай додаларға қатысу денсаулығымызды шынықтыруға септігін тигізеді дейді.

-Осындай әскери- спорттық көпсайыстарға жиі қатысып тұрамын. Өз басым спорт – денсаулық кепілі деген ұранды ұстанудамын.
-Мен спортпен шұғылданғанды ұнатамын. Осы сынды додалар жиі өткізіліп тұрса дейміз.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған клуб мүшелері арнайы грамоталармен марапатталмақ.