Қайырымдылық

Қайырымдылық шарасы

 

 

 

4 жасар петропавлдық бүлдіршін Кирилл Сухомлинов жүрек ақауымен дүниеге келген. Дер кезінде оған операция жасалмаса, ата-анасы сәбилерінен айырылып қалуы мүмкін еді. Бірақ қайырымдылық шараны ұйымдастырушылардың ұйтқы болуымен Ресей елінде ота жасалды. Жаңа өмірге қадам басқан бүлдіршіннің денсаулығы күн санап жақсарып келеді.

Ольга Сухомлинова,  Кириллдың анасы:

-6 сағатқа жалғасқан ота нәтижелі аяқталды. Денсаулығы жаман емес. Сәбидің қан айналымын жақсарту мақсатында 3 жылдан соң тағы бір операция жасау көзделіп отыр. Бізге қол ұшын берген барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.

Қайырымдылық қорға көмек сұрай келген балалардың дені жүрек ақауымен ауырады. Қазіргі күннің өзінде Петропавлда 30 -ға жуық балаға операция қажет,-дейді «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық қорының ұйымдастырушысы.

Лариса Ельцова, «Беташар СК» АҚ төрайымы:

-Кириллдың жағдайына немқұрайлы қарамаған азаматтар операцияға қажетті 1 млн 600 мың теңгені жинап берді. Оның денсаулығының түзелгеніне өте қуаныштымыз. Осы шара арқылы кезекте тұрған келесі сәбиге ота жасау үшін қаражат жинаймыз.

Қайырымдылық акциясын «Беташар СК» және Яна Богово үшінші мәрте өткізуде. Шарадан жиналған қаражат туабіткен жүрек ақауына шалдыққан сәбилерге ота жасауға бағытталады.

Яна Богова, ұйымдастырушы:

-Бүгінгі шараның мерекелік бөлігінде мені қолдауға көптеген әріптестерім жиылды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Балаларға өмір сыйла»акциясын алдағы уақытта да жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.  

Кеште игі бастамадан шет қалмаған азаматтарға грамоталар табысталды. Жиылғандар шыармашылық  ұжымдарының концертін тамашалады.