Құқық қорғау органдары

Ұры ізі суымай ұсталды

 

 

Оқиға бейнелеу өнері мұражайының маңында өрбіген. Облыс орталығындағы күзетілетін нысандарды тексеру барысында тәртіп сақшылары түн ортасында автомагнитола мен колонкаларды алып келе жатқан күдікті жігітті бірден байқайды. Сонымен қатар сезіктінің қалтасынан пышақ пен бұрағыш та табылыпты. Бастапқыда 23 жасар қала тұрғыны жол полицейлері оның көлігін арнайы тұраққа қойғызғандықтан, бұл заттарды өзімен алып кеткендігін жеткізген. Күдікті 2-ші полиция бөліміне жеткізілген. Оның бұл жабдықтарды Интернационал көшесінің бойында тұрған «Мерседес» көлігінен ұрлағаны анықталды. Бұған дейін сотталмаған сезікті қазіргі уақытта ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Инеш Шоқақова