Құқық қорғау органдары

Полицейлер зорлықшыны іздеуде

 

 

 

 

Қалалық ІІБ -ның 1-полиция бөліміне 30 жасар тұрғынның арызы түскен. Әйел белгісіз адам оның кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорламақ болғанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, 13 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында күдікті 9 жасар қызды Набережная көшесінің бойында қаңырап қалған ғимаратқа күштеп апарып, зорлауға әрекет жасаған. Кейін сезікті бірден ізін суытады. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі полиция қызметкерлерінен тұратын жедел тергеу тобы құрылды. Дегенмен жантүршігерлік қылмыс жасамақ болған адам әлі де бостандықта. Тәртіп сақшыларының жұмысын аталмыш факті бойынша нақты куәгерлердің жоқтығы қиындатып отыр.

Инеш Шоқақова