Орақ – 2011

Ауыл шаруашылығы

8:22 27 Қыркүйек 2011

13 ауданның ішінде астық құлатудан Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары көш бастап келеді. Осылайша, облыс алқаптарынан 5 млн 370 мың тонна астық жиналды. Гектар берекелігі орташа алғанда 19,9 центнерді құрайды. Сондай-ақ, қазіргі таңда майлы дақылдарды  жинау жүріп жатыр. Бүгінде майлы дақылдарға бөлінген алқаптардың 41 пайызы игерілді. Серіктестіктер әр гектардан орташа 12,4 центнерден өнім алуда. Орақ науқаны басталғалы облыс элеваторларына 319 мың тонна дән өткізілген. Оның  80 пайызы 3-ші сыныпты бидай.

Гүлден Сәрсенбаева

Бұдан әрі оқыңыз

Ауыл шаруашылығына 79 млрд теңге инвестиция құйылды
Диқандар 4,8 млн тоннадай дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинады
Күзгі көкөніс жинау жұмыстары
Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген