Қоғам

«Жастар есірткіге қарсы» шарасы

 

 

 

 

Одақ өкілдері жергілікті тұрғындарға нашақорлықтың зияны жайында әзірленген арнайы парақшалар үлестірді. Акция жастарға әлемдік проблемаға айналған нашақорлық жайында біраз мағлұмат бермек.

Ерлан Мусин, «Қазақстанның коммунистік жастар одағы» СҚОФ көшбасшысы:

-Үшінші жыл қатарынан салауатты өмір салтына бейімделуге арналған іс-шараларды өткізіп келеміз. Спорттық жарыстар да назарсыз қалған емес. Алдағы уақытта осы іспеттес акциялар жалғасын табатын болады.