Қылмыс

Автомобиль орға жығылды



 

Жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүрзіліп жатқандықтан  қозғалыс арнайы белгілермен шектелген болатын. Алайда, қазылған жерден «БМВ» көлігінің қалай өткендігі жұмбақ болып отыр. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан табылмады. Полицейлер дерекқор мәліметтері арқылы темір тұлпардың Қостанай қаласында тіркеуде тұрғандығын анықтады. Ал бұл көлікті сенімхат бойынша Жамбыл облысының 33 жастағы азаматы жүргізген. Оны растайтын жүргізуші және жеке бас куәлігі көлік ішін тексеру барысында табылды. Бұл оқиғаға байланысты жүргізушінің алып-қосары болмады. Тек барлық жәйтты  өзінің зейінсіздігінен деп отыр.