Қоғам

Республикалық тазалық шарасы

 

 

 

 

Қыркүйектің 24-і республикалық сенбілік басталады. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан ауқымды экологиялық акциядан өңір халқы сырт қалмауы тиіс.

Сейілжан Тастеміров, Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:
19 учаске болады. Ол сайлау округтері бойынша бөлінді. Әр округтың депутаты мен қала басшылығы сол жерді қадағалайтын болады.

Ал петропавлдықтар тазалық шарасын асыға күтуде. Олар қолымызға сыпырғыш, күрегімізді алып, туған мекенімізді қоқыстан арылтуға шығуға әзірміз дейді.

-Әрине, шыамыз. Қаламызды тазартуымыз керек.
-Жалпы біздің қаламыз жыл санап әдеміленіп келеді. Көптеп ескерткіштер ашылуда. Әрине, аптасына бір рет қаламызды тазалап тұру керек.

 

Гүлден Сәрсенбаева