ТКШ

Коллектор жөнделіп жатыр

 

 

 

 

Жетпіс жылдан аса қолданыста болған қондырғы бойы қазақстан-венгер компаниясының қатысумен кешенді түрде тексерілді. Жұмыс ауқымы анықталды. Коллекторды жөндеуге 1,4 миллиард теңге қаржы үкіметтің резервінен бөлінді. Бұл күндері траншея қазу, құбыр өтетін жолды дайындау жұмыстары басталған. Құбырлар жақында жеткізілмек.

Антон Федяев, СҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы: – Солтүстік коллектордың ұзындығы  4,7 шақырым. 60-шы жылдары салынған. Енді бұл аумаққа диаметрі 1000-1200 миллиметрлік құбырлар төселеді. Нысан басында төрт фирма жұмыс істеп жатыр. Бұл жердегі жұмыс үстіміздегі жылы аяқталады.

Әсем Рахметова