Мәдениет

Облыстық отбасылар байқауы

 

 

 

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ойшыл Мұхтар Әуезов айтпақшы тәрбиені отбасынан бастау керек. Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрді , қазақи тәрбиені бойына сіңірген, өнерлі де өнегелі жанұяларыларына қолдау көрсету, олардың үлгісін дәріптеу – жарыстың басты мақсаты болып отыр. Өңірімізде алғаш рет өткізіліп отырған бұл байқауда қазақилықтың қаймағы бұзылмаған 10 отбасы бағын сынады.

Әсем Сүлейменова, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім бастығы:
-Байқау 4 тапсырмадан тұрады. 1-сі таныстыру, 2-сі берілген мәтіндерге қатысты ой-толғау, бұл мәтіндер: отбасы, тәрбие, бала мен ананың қарым-қатынасында деген секілді тақырыптар таңдалды. 3-шіде өз өнерлерін көрсету және де өз ұяңда не көрсең, ұшқанда соны көрсетерсің деген секілді мәтінде үй тапсырмасы берілген болатын да.

Есболовтар жанұясы Үкілі Ыбырайдың туған жерінен келген. Дене тәрбиесі пәнінен сабақ беретін шаңырақ иесі бос уақытында өлең шығарады екен. Сонымен қатар Ғани Есболовтың бойына киелі қара домбыраның құлағында ойнау өнері де дарыған.

Ғани Есболов, байқауға қатысушы, Айыртау ауданы:
-Ана сүтімен кірген, ана сүтімен дарыған ана тілімізді ең болмаса насихаттап, теңіздің тамшысындай осы мемлекетімізге пайдам тисе деген, негізі ана тілімнің жанашырларының бірімін, ұлтшыл болмасам да ұлтжандымыз.

Үй ұйытқысы Гүлнар Жетпісова байқауға 2 баласымен келген. Сайысқа дайындалуға көп уақытын кетірген ол көзге түсіп, аулына жүлделі оралатынына үмітті.

Гүлнар Жетпісова, байқауға қатысушы, Уәлиханов ауданы:
-Біз жақсы дайындалдық. Өнер көрсету туралы айтатын болсақ, біз желтоқсан оқиғасынан 1 үзінді алдық. Ол ананың ерекше рөлі. Осы сайысқа қатысып отырмыз, сондықтан біз жеңімпаз боламыз деп сенеміз.

Шара барысында қатысушылардың тіл байлығы мен мәдениеті бағаланды.

Айдана Демесінова