Әр түрлі

Ірі көлдерде құс ату уақытша тоқтатылады

 

 

 

 

Аңшылық маусымы осыдан 2 апта бұрын ғана басталды. Ол өңірімізден қызыл көмейлі қарашақаз және шиқылдауық қаздың ұшып өтуімен тұспа-тұс келген. «Қызыл кітапқа» енгізілген құстарды аман сақтап қалу үшін бірқатар шаралар қолданылуда.

Олег Беспалов, СҚО «Орман және аңшылық шаруашылығы» ММ аумақтық инспекциясының инспекторы:
– Өңірдегі суаттардың бәрінде күзет күшейтілді. Сондықтан құс аулаумен айналысатын тұрғындарды алдын ала ескерткіміз келеді. Қазіргі таңда «Советское» , «Тимирязев» және «Гусиное»аңшылық шаруашылықтары жабылды. Бұл жағдай келісімшарттың бұзылуына немесе мерзімінің аяқталуына байланысты болып отыр.

Ал Уәлиханов, Айыртау аудандарының аумағында жаңа аңшылық шаруашылықтары жұмысын бастапты. Алайда, құстардың жаппай ұшып өте бастауына байланысты ірі су көздерінде қыркүйектің 23-нен қазанның 10-на дейін аңшылықпен айналысуға тыйым салынды.

Олег Беспалов, СҚО «Орман және аңшылық шаруашылығы» ММ аумақтық инспекциясының инспекторы:
– Шал ақын ауданындағы «Жалтыр», М.Жұмабаев ауданындағы  Соленое ,  Питное ,  Половинное көлдерінде құс аулаумен айналысуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ  Қарасор ,  Макашевское ,  Ұзынкөлде  күзет жұмыс істейді.

Ал қалай болғанда да «Қызыл кітапқа» енгізілген құстарды аулауға қызығушылық танытушыларға 200 айлық есептік көрсеткіште дейін әкімшілік айыппұл қарастырылыпты.

Инеш Шоқақова