Балалар

Жас орманшылар слеті



 

Облысымызда мектептер жанынан орман шаруашылықтары құрылған. Олар мемлекеттік орман мекемелерімен тығыз жұмыс жасайды. Сөйтіп, оқушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып келеді.

Зада Аманжолова, Булаев мемлекеттік орман мекемесінің орман өсімдіктері инженері:
-Оқушылармен жұмыс жасаймыз. Олар көмектерін көрсетеді. Оларды үйретеміз.

Мектептер жанындағы орман шаруашылықтары арасында байқау екінші жыл өткізіліп отыр. Бұл жолы 12 құрама сынға түсті. Алғашқылардың қатарында Шал ақын ауданының “Орман барлаушысы ” құрамасы өздерін таныстырды. Өткен жылы төртінші орынға ғана іліккен оқушылар биыл үздіктер қатарынан көрінуге үмітті.

 

Нұрсұлтан Қазизов,  “Орман барлаушысы” құрамасының мүшесі, Шал ақын ауданы:
– Биыл көп дайындалдық. Үздік үштікке кіруге үміттіміз.

Байқау екі күнге жоспарланған. Сайыскерлер осы уақытта түрлі кезеңдерді бағындырады. Олар орман шаруашылығы құрал-жабдықтарын пайдалану шеберлігін көрсетуі тиіс. Ботаника мен зоологиядан білімдері сыналады. Сонымен қатар оқушылар өрт қауіпсіздігі шараларын жақсы меңгеріп, медициналық көмек көрсете білулері қажет.

Айжан Қарабаева,  “Экологиялық десант” құрамасының мүшесі, М.Жұмабаев ауданы:
-Біз байқауға екінші жыл қатысып отырмыз. Бір аптадан артық уақыт дайындалдық. Әсіресе, ақпараттық және үгіт-насихат плакаттар сынына көп уақытымызды жұмсадық.

Виктория Сарафанова, “Экологиялық десант” құрамасының мүшесі, М.Жұмабаев ауданы:
-Байқауға арнайы киім тіктік. Ол біздің құрамамыздың атауына сәйкес келеді. Ал командамыз ” Экологиялық десант” деп аталады. Мұндай байқаулардың өткізілгені жақсы. Өйткені, бұл шара табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға баулиды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар пен грамоталар табыс етіледі. Ең үздік құрама 50 мың теңгеге ие болады.

 Айымгүл Әбілева