Спорт

Денсаулық фестивалі

 

 

 

 

 

 

Күздің қара суығына қарамай, бұл күні денелерін шынықтыруға келгендердің қарасы қалың болды. Саябақ алаңында мемлекеттік қызметшілер, жастар, қоғамдық бірлестіктер, білім ошақтары, мемлекеттік мекемелер өкілдері сап түзеді. Фестивальді   облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтау сөзбен ашты.  

  Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:
-Сіздерді «Денсаулық фестивалі-2010» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Халықтың денсаулығын сақтау  – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Елбасымыздың Жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортқа 30 % халықты тарту керек екендігі айтылады.

Грек-рим күресінен құрметті спорт шебері Жамбыл Тасеменов те белсенді жастарға өзінің жылы тілегін білдірді.

  Жамбыл Тасеменов:
 – Шын жүректен сіздері құттықтаймын. Оқуда озат болыңдар, еңбекте алда болыңдар, әрқашанда жолдарың болсын.

Таэквондошылар мен гимнастардың өнерлерінен кейін жиналғандар шығыс жекпе-жегінің ерекше көрінісіне куә болды. Ал шараның салтанатты бөлігінен кейін біраз жаурап қалған спортшылар Президенттік миль бойынша жүгіруге асықты. 1600 метрлік қашықтықты спорт ардагерлері еркін бағындырды. Алғашқы болып мәре сызығын кескен де солар.

  Айболат Күдербеков:
-Жүгірудің пайдасы керемет көп қой. Денсаулық, ерік-жігер дейтін, бәрі содан ғой. Бәрін шақырамын, біздің қыздарды, жігіттерді: жүгірумен айналысыңдар.

Жүгіріп, денелерін қыздырып алған соң әркім спорттағы өз бейімдеріне қарай топтасып, жаттығулар жасады. Ең бастысы жиылғандар денсаулықтың кепілі спорт екендігінін өздеріне де өзгеге де дәлелдеді.  

 Шараға қатысушылар:
 – Барлығыңызды осы күнмен құттықтаймын, денсаулықтарыңыз зор болсын, ашық аспан.
-Оқушылар арасында жыл сайын 1 рет емес, 3-4 рет өткізсе оңды болар еді. Жылы күндерде өткізсе деген тілек бар.

Басты байлықтың басқа да маңызды тұстары ұмыт қалмады.

Тұрғындар:
 – Денсаулық кісінің өзіне байланысты деп ойлаймын. Тамақ, витамин керек. Физзарядка жасау керек.
 – Шылым шекпеу керек, арақ ішпеу керек, тағы да спортпен айналысу керек.
 
 Кәусар Аяпбергенқызы