Қоғам

Жаңа жылыжайлар

300 шаршы метр аумаққа орнатылған  жылыжайлар өсімдік тұқымдарын көктемнің алғашқы күндерінен-ақ егуге мүмкіндік береді. Мұнда сәбіз, қияр мен қызанақтың түр-түрі өсірілмек. Оларды күтіп-баптау да ерекше. Мәселен, жылыжай ішіндегі ауа температурасы + 28-ге жеткенде өздігінен ашылатын 2 терезе де қарастырылыпты.

Надежда Полтавец, “Жас натуралистер станциясы” МКҚК директоры:
– Жылыжайларды сатып алуға қалалық әкімдіктен 2 млн 100 мың теңге қаражат бөлінді. “Злак” ЖШС 2 апта бұрын орнатып берді. Біз көкөністерді күтіп-баптауға қызу кірістік.
Енді өніміміз 2 есе мол әрі сапалы болады деп ойлаймын.

Станцияда көкөністермен қатар түрлі-түсті гүлдерді өсіру де оң жолға қойылған. Мұнда ақкекіре, нарғыз, флокс сынды гүлдердің 30-дан астам түрін көруге  болады. Олардың әрқайсысынан тұқым алып, гүлдер бағын кеңейту жоспарланған.

Гаухар Қошпанова,  “Жас натуралистер станциясы” МКҚК қызметкері:
Бізде өсімдіктер, бау-бақша үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ «Қиял және табиғат» деген жаңа үйірме ашу ойда бар.

Жас натуралистердің үйірмелеріне 730-дан астам бала қатысады. Биыл мекеме ұжымы жас мамандармен толығып, тың бағыттар бойынша жұмыс жүргізуді де қолға алмақ. Жас натуралистердің жаңа оқу жылы қазан айынан басталады.

Инеш Шоқақова