Қоғам

«Нұр Отанның» қатары толықты

 

 

«ВАНТ» ЖШС  –  облыстағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға айтарлықтай үлесін қосып келе жатқан компанияның бірі. Соңғы «Тәуелсіздік» саябағы оның айқын көрінісі. Енді аталған кәсіпорын «Нұр Отанның» қатарына кіріп, өз ұжымдарында бастауыш партиялық ұйым құруды жөн көріпті.

Александр Филиппенко, «ВАНТ» ЖШС директоры:
Бұл ұйымға жастар енеді. Ал жастар елдің болашағы болған соң бұл кәсіпорынның да зор болашағы бар екендігінің белгісі. Мен бұл үшін қуаныштымын.

«ВАНТ» кәсіорынында бүгінгі таңда 105 қызметкер еңбек етуде. Олардың онына «Нұр Отанның » партиялық билеті тапсырылды. Юрий Шихалев таңдаулы ондықтың құрамына енгенін өзіне мақтаныш санайтын көрінеді.

Юрий Шихалев, «ВАНТ» ЖШС тас қалаушысы:
– Мен үшін бұл есте қаларлық күн.
Бізді партияға енгізіп, сенім артқандары үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта бұдан да жақсы жұмыс жасап, қаланың көркеюіне мол үлес қосамын.

Жангелді Тәжин, «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі саяси кеңесінің мүшесі:
«Нұр Отан» кеңесінде осы жерді абаттандыру мәселесін ойластырғанбыз. Енді жоспарымыз іске асты. Оған құрылысшылар көп үлес қосты. Сол үшін оларды партия қатарына қабылдамақпыз.

Бұл күні барлығы 14 адам партиялық билетке ие болды. Олардың төртеуі саябақта жұмысшылармен қатар еңбек еткен студент жастар.

Айзада Рахметова, «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшесі:
Биыл жазда мен «Жасыл ел» құрамында еңбек еттім. Осы саябақта еңбектендік. Бүгін «Нұр Отан» билетін алғаныма қуаныштымын.

Кәусар Аяпбергенқызы