Әр түрлі

Курсанттар ант берді

Облысымыздағы жалғыз әскери оқу ордасы 14 жылда 2 мыңнан астам офицерді ұясынан ұшырды. Ал биыл 168 азамат әскери қызметке қадам басып отыр.

Әбдісадық Ережепов, ҚР ІІМ ІӘ қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-ұқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары:
-Жас сарбаздар, 1 курс курсанттары 168 адам, өздеріңіз көрдіңіздер Отан алдында ант берді.
Сондай үлкен ресми түрде өтті. Олар өте үздік оқып, офицерлер қатарына қосылады деген сенімдеміз.

Курсанттардың ант қабылдау рәсімі әдеттегідей салтанатты түрде өтті. Сапқа тізілген жас жауынгерлер  Отан алдында азаматтық парызын абыроймен өтеуге серт етті. Өмірін Отанын қорғауға арнағандардың бірі – Ербол Отарбаев. Ол әскери борышын Ақтау қаласындағы әскери бөлімде өтеген. Қамаудан қашқан сотталғандарды қолға түсіруде шапшаңдық танытуымен көзге түскен азаматты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттапты.

Ербол Отарбаев, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының 1 курс курсанты:
-Әскерде әскери борышымды өтегеннен кейін әрі қарай осы оқу орнына түсіп, осы ҚР ІІМ жоғарғы беделді офицері болсам деген ниеттемін.

Ант қабылдаған жауынгерлер саптық ән айтып, әскери шеруге қатысты. Болашақ офицерлерді даярлайтын мекемеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар білім нәрінен сусындайды.  Балаларын қолдау үшін жолдың алыстығына қарамастан курсанттардың ата-аналары мен туған-туысқандары келген.

 –Азамат болып ант қабылдап жатқанына ризамын. Әке-шешесінің арманы орындалды деп есептеймін. Дені сау болсын! Еліміздің ардақты азаматы болсын!
Ер азамат болып құлыным Санатым ел қорғасын, жұрт қорғасын, ақ сүтін ақтасын анасының.
Ұлым міне бірінші антын қабылдап жатыр. Курсанттардың бәріне құтты болсын! Қайырлы болсын! Аман болсын.

Айдана Демесінова