Білім

Денсаулықты нығайтудың жаңа әдістемесі

 

 

 

Есіл аграрлық-техникалық институтының ректоры денсаулық сақтау технологиясын осыдан төрт жыл бұрын ресейлік ғалымдармен бірлесе жасаған. Әдістеме бастауыш сынып оқушыларына арналған. Сынақ алаңы ретінде жалпы білім беретін бірнеше мектеп алыныпты. Петров, Имантау, Сергеев орта мектептерінде жүргізілген әдістеменің нәтижесін балалардың білімін сынау арқылы көруге болады.

Иван Кендюх, Есіл аграрлық-техникалық институтының ректоры:

– Төрт жылдан соң балалар өз әріптестерімен салыстырғанда мүлде өзге нәтижелер берді. Балалардың ойлау қабілеттері жақсы дамыған. Мемлекеттік тілді үйренуде жақсы көрсеткіштер көрсетті. Бұл мультимедиялық әдістеме. Біз Қазақстанның да, Ресейдің де оқу жүйесін ауыстырғанымыз жоқ. Мектеп бағдарламасы сақталады.

Ортақ бағдарлама өзгеріссіз қалғанымен, сабақтың жүргізілуіне ерекше мән берілген. Сабақтағы балалардың қозғалысына шектеу қойылмайды. Оқушылар бір-біріне қошемет те көрсете алады. Бұл жүйе бойынша білім алатын балалар үшін мектеп құралдары да, тіпті жихаздары да ерекше әдіспен таңдалады. Бірақ нәтиже күткенен де асып түскен.

Ольга Решетовская, Челябі мемлекеттік университетінің оқытушысы, Ресей Федерациясы:

-Осы жерде балалар қозғалысына шектеу қойылмайды дегенді айттық. Бұл сыныпта тәртіп жоқ дегенді білдірмейді. Мәселен, «оң қол» заңы бар. Мұғалім оң қолын көтерді екен, сыныпта тыныштық орнайды.

Есіл ауданындағы Петров орта мектебі бұл әдістемені бірінші болып қолданып жатыр. Сынып жетекшілері бүгінде өз жетістіктерін жариялай алады. Әрине, ұстаздар қауымы әдістеме ұзақ, тынымсыз жұмысты талап ететінін де жасырмайды.

Татьяна Сидоркина, Петров орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі :

-Менің сыныбымда 15 оқушы бар. Өткен оқу жылында жетеуі оқу озаты болды. Яғни, нәтижемен мақтана аламыз. Ата-аналардың көмегі зор. Жалпы, сыныптағы өмір өте қызықты өтеді.

Жалпы білім беретін №8 мектеп биыл осы денсаулық сақтау технологиясын қолға алыпты. Ата-аналарды жаңа әдістеме қызықтырған. Бұл жолы әдістеме – технология авторларының бірі Иван Кендюхтың немересі оқитын сыныпта қолданылмақшы.

Евгений Кендюх:

Бүгін әдістеме туралы мол мағлұмат алдық. Балалардың математикалық қабілеттері жақсы болатын көрінеді. Сондықтан, баламызды әдістеме қолданылатын сыныпқа бердік.

Алдағы уақытта денсаулық сақтау технологиясы бойынша бала оқытатын мамандарды Есіл агрралық- техникалық институтында даярлау жоспарланып отыр.