Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Жол полицейлері донорлық акция өткізді

 

 

 

 

Жол үстінде орын алып тұратын апатты оқиғаларды жиі көріп жүретін тәртіп сақшыларына  жапа шеккендердің қайғысы таңсық емес. Сондықтан олар қан беріп, мұқтаждарға көмек қолын созбақ болған. Полицейлер тапсырған қан жол-көлік апатынан орын алған балалардың қажетіне жұмсалмақ. Сөйтіп акцияға өз ниетімен қатысқан тәртіп сақшылары жиыны 10 литр қан тапсырды. Мұнымен қоса жол полициясының қызметкерлері өңір мектептерінде тәрбие сағаттарын өткізіп, жаяу жүргінші мен автокөлік жүргізушілерінің құқықтары жайлы да айтып бермек. “Абайлаңдар- балалар!” акциясы қыркүйектің 5-не дейін жалғасады. Акция кезінде автокөлік жүргізушілері де жарықтарын жағып жүрулері керек.

Дана Ғизатова