Әр түрлі

Жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамту

 

 

Мұндай кездесулерді ұйымдастыру мекемеде дәстүрге айналған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері тура жолдан тайып, қателік жасаған азаматтар үшін қолайлы жұмыс табу мүмкіндігі бар екендігін түсіндірді.

Күлбаршын Ахметова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:
– Көп сұрақтар осындай орындардан шыққаннан кейін қандай жұмысқа орналасуға болатынына байланысты. Кездесудің мақсаты – осындай кісілерге келіп, қандай оқуға баруға болатынын түсіндіру.

Александр Еник 20 жыл бойы құрылысшы-инженер болып қызмет еткен. Ол мерзімінен бұрын бостандыққа шығып, мамандығы бойынша жұмыс табуға ниетті.

Александр Еник:
– Маған жұмысқа орналасу бойынша қандай мүмкіндіктерім мен құқықтарым бар екендігін түсіндірді. Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алатынымызды білдік. Сотталғандар үшін мұндай кездесулер маңызды.

Кездесуде жұмысқа орналасу, қайта даярлау курстарынан өту жайлы сұрақтар аз болмады. Сондай-ақ сотталғандарды жұмысқа орналасу кезінде мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетіні қызықтырды.

Айқын Баженов,  ЕС-164/3 мекемесі  бастығының орынбасары:
– Жыл сайын өткіземіз. Егер сотталғандардың сұрақтары көп жиналса да, өткізуге әзірміз. Қарым-қатынасымыз жақсы.

Жыл басынан жазасын өтеп шыққан 6 азамат тұрақты, ал 7-уі уақытша жұмысқа орналасыпты. Ал 1 адам қайта даярлау курстарына жазылған.

Инеш Шоқақова