Құқық қорғау органдары

Адвокатқа айып тағылды

 

 

 

 

Оқиға тамыздың жиырмасында, Петропавл-Жезқазған тас жолында орын алған. Адвокат өзінің қорғауындағы азаматтан 2 мың АҚШ долларын талап етеді. Бұл сомаға клиентінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, автокөлігіне салынған шектеуді мемлекеттік қызметкерге айтып, алдырып тастаймын деп уәде берген. Бірақ жылпос адвокаттың ойы оңға баспай, қаржы полицейлері қолына кісен салды. 56 жасар айыпталушының ендігі тағдырын сот шешеді.

 Дана Ғизатова