Білім

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды

 

Қарқынды дамуды мақсат еткен елге білімді, білікті ұрпақ керек. Заманның тетігі инновацияны меңгерген жастардың қолында. Сондықтан елімізде білім беру саласын қаржыландыру бір жылдың ішінде 1,3 есеге өскен. Өткен оқу жылы облыс мектептері үшін де табысты болды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 227 мектеп оқушысы халықаралық интеллектуалдық жарыстарға қатысты, жүлделі орындарды иеленді. 71 түлегіміз «Алтын белгі» алды, 59-ы мектепті үздік аттестатпен аяқтады.

Академик Мұрат Айтқожин атындағы № 1 инновациялық орта мектеп ұжымы жаңа оқу жылына үлкен дайындық жасады. Жаз бойы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқушылар үшін жайлы жиһаз алынды.

Александр Курленя, М.Айтқожин атындағы № 1 инновациялық орта мектеп директоры:

-Біздің мектебіміз оқушысы көп білім ордаларының бірі. 20-дан аса ұлт өкілдері оқиды. Мектебімізде сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалған. Педагогтар құрамы жақсы. Биыл облыс әкімінің қолдауымен 13 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргіздік.

Биыл мектептің бірінші сыныбына 111 бала қабылданды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылды.
Бұдан кейін балалар оқу жылындағы алғашқы сынып сағатына кірді. Бұл сабаққа облыс әкімі Серік Біләлов те қатысты. Өңір басшысы мектеп мұражайын аралап, білім ордасының тарихымен танысты. Оқушылармен кездесіп, кабинеттерді аралады. Ал бұл уақытта барлық сыныптарда «Жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбындағы сабақ өтіп жатты. Мектеп партасына отырған бірінші сынып оқушылары алғашқы сабаққа қатысты.

Светлана Эминова, М.Айтқожин атындағы инновациялық орта мектеп мұғалімі:

-Менің сыныбыма 31 бала келді. Бірінші сынып сағаты өтті. Барлығы өте белсенді қатысты. Сұрақтарға жауап берді. Барлығы жақсы баға алды.  

Бүлдіршіндерін мектепке әкелген ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Тарыдай баласын партаға отырғызғандар ертең -ақ ұл-қыздарының еліміздің білімді азаматтары болатындығына сенімді.

Андрей Дякин:

– Бірінші қыркүйек аса жауапты күн. Осы мектепте балаларымыз жақсы білім алады деп ойлаймыз.
Татьяна Анохина:

-Менің немерем бірінші сыныпқа келді. Баламыз әріп таниды, оқу да біледі. Бұл қуанышты күнді асыға күттік. Бар отбасымызбен қатты қобалжыдық. 

Қоңырау үнімен мектепке оралған өзге оқушылар да тағы бір жауапты жылға аяқ басты.

Жаз бойы жолдамамен біраз демалдық. Көп жерлерге бардық. Енді сабағымды 4 пен 5-ке оқимын деп ойлаймын.
Бүгін мектебімізді танымай қалдық. Қатты өзгеріп кетіпті.

Әсем Рахметова