Мәдениет

Ораза айтына арналған ән-жыр кеші

 
Айт мерекесінде қалалықтарды бір ортаға біріктіріп, көңілді әсер сыйлауға мешіт имамдары себепкер болған екен. Ондағы мақсат – мереке ретінде тойлау қалыптаспаған Ораза айтын тиісінше насихаттау.

Әбілхан Жәпішев, “Қызылжар” қалалық мешітінің бас имамы:
-Халықта қалыптасып кеткен айтта қонаққа барып, дұға оқыту. Ал ол кәдімгі мереке ретінде аталуы тиіс. Сондықтан осыны насихаттамақпыз.

Әбілхан Жәпішев, “Қызылжар” қалалық мешітінің бас имамы:
-Халықта қалыптасып кеткен айтта қонаққа барып, дұға оқыту. Ал ол кәдімгі мереке ретінде аталуы тиіс. Сондықтан осыны насихаттамақпыз.

Шақырылған қонақтар жергілікті өнерсүйер қауымға есімі таныс көкшетаулық Арман Бердалин мен Павлодар қаласының ақыны Қуаныш Шарманов. Жылы қарсы алған көрерменді меймандар ән-термелерге сусындатып, тәрбие, иман, дін турасында әңгімелер өрбітті.

Қуаныш Шарманов, ақын, Павлодар қаласы:
йт ерекше мереке. Біз соны атап өтуге атсалысып жатырмыз. Бүгін өз термелерімді орындаймын.

Көпшіліктің көңілінен шыққан осындай рухани кешті ұйымдастырушылар әр діни мерекеде өткізуді дәстүрге айналдырамыз деп отыр.

 Кәусар Аяпбергенқызы