Денсаулық сақтау

Денсаулық сабағы

Жаңа оқу жылы қалалық №10 орта мектептің оқушылары үшін ерекше басталды. Шәкірттердің алғашқы сабағы басты байлық-денсаулыққа арналды.

Рашида Иванова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:
-Тәуелсіздіктің 20 жылдығында білім және ғылым министрліктерінің қолдауымен Білім күнінде «Денсаулық сабағын» ұйымдастыру туралы ұсыныс түсті. Мұндай сабақтар республика аумағында өткізіледі.

Тақтаға шығып шәкірттерге түрлі кеңес бергендер де мұғалімдер емес, елімізде, жақын, алыс шетелдерде даңқы шыққан спортшыларымыз. Олар жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын ұстанудың тиімділігін түсіндірді.

Аслан Тоқбаев, шаңғымен бағдарлау спортынан VІІ Азия ойындарының жеңімпазы:
-Бүгінгі шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Біз дене шынықтырумен айналысып, жеткен жетістіктерімізді айта келе, оларды да спортқа тартпақпыз. Спорттың адам баласына тигізер пайдасы зор.

Елена Парфенова, жеңіл атлетика бойынша ҚР 16 мәрте чемпионы:
-Біздің халқымыздың дені сау болуы үшін спортпен шұғылданған дұрыс. Бұл туралы Елбасымыз өз жолдауында айтқан болатын. Сондықтан да балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін бізді жұмылдырды.

Жүз жасқа келудің сырын айтқан дәрігердің  сөзін оқушылар ұйып тыңдады. Денсаулық мықты болу үшін 4 негізгі ережені ұмытпау керек дейді маман: ол тазартылған суды ғана ішу, ас адамның арқауы демекші дұрыс тамақтану, көбірек жаяу жүріп, таза ауамен демалу, сондай-ақ темекі мен ішімдіктен бас тарту.

Игорь Ланда, психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері:
-Әдетте жеткіншектер жас кезінде денсаулығы жайлы алаңдамайды. Байлықты, мансапты аңсап, сол бағытта еңбектенеді. Дегенмен, денсаулығы сыр бере бастағанда мансаптың да, байлықтың да керексіз  екендігін түсінеді. Сондықтан да денсаулықты жастық шақтан ойлаған жөн. Оқушыларға бүгін осыны айтқым келді.

Өскелең ұрпақ аға буынның кеңестерін ойларына тоқып, спорттың пайдасы зор екендігіне көз жеткізді.

Лаура Тоқашева,  №10 орта мектептің оқушысы:
-Бүгін біздің мектепте салауатты өмір салтына байланысты шара өтіп жатыр. Осы шараны ұйымдастырушыларға көп рахмет. Бүгін біздің мектепке Қазақстанға, әлемге әйгілі спортшылар келіп жатыр. Біз осы спортшылар сияқты салауатты өмір салтын ұстанамыз.

Адам денсаулығы жайлы мол ақпарат аламын деушілерге бұл мектепте арнайы терминал орнатылыпты.

Рашида Иванова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:
-Тәуелсіздіктің 20 жылдығында білім және ғылым министрліктерінің қолдауымен Білім күнінде «Денсаулық сабағын» ұйымдастыру туралы ұсыныс түсті. Мұндай сабақтар республика аумағында өткізіледі.

Тақтаға шығып шәкірттерге түрлі кеңес бергендер де мұғалімдер емес, елімізде, жақын, алыс шетелдерде даңқы шыққан спортшыларымыз. Олар жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын ұстанудың тиімділігін түсіндірді.

Аслан Тоқбаев, шаңғымен бағдарлау спортынан VІІ Азия ойындарының жеңімпазы:
-Бүгінгі шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Біз дене шынықтырумен айналысып, жеткен жетістіктерімізді айта келе, оларды да спортқа тартпақпыз. Спорттың адам баласына тигізер пайдасы зор.

Елена Парфенова, жеңіл атлетика бойынша ҚР 16 мәрте чемпионы:
-Біздің халқымыздың дені сау болуы үшін спортпен шұғылданған дұрыс. Бұл туралы Елбасымыз өз жолдауында айтқан болатын. Сондықтан да балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін бізді жұмылдырды.

Жүз жасқа келудің сырын айтқан дәрігердің  сөзін оқушылар ұйып тыңдады. Денсаулық мықты болу үшін 4 негізгі ережені ұмытпау керек дейді маман: ол тазартылған суды ғана ішу, ас адамның арқауы демекші дұрыс тамақтану, көбірек жаяу жүріп, таза ауамен демалу, сондай-ақ темекі мен ішімдіктен бас тарту.

Игорь Ланда, психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері:
-Әдетте жеткіншектер жас кезінде денсаулығы жайлы алаңдамайды. Байлықты, мансапты аңсап, сол бағытта еңбектенеді. Дегенмен, денсаулығы сыр бере бастағанда мансаптың да, байлықтың да керексіз  екендігін түсінеді. Сондықтан да денсаулықты жастық шақтан ойлаған жөн. Оқушыларға бүгін осыны айтқым келді.

Айдана Демесінова