Білім

Бірінші қалалық лицей – Тәуелсіздік құрдасы

 

 Мектепке асыққан оқушыларды алдарынан ұстаздары қарсы алды. Білім кемесіне бет бұрған 75 бүлдіршін енді беделді мектептің оқушылары.

Марина Черверова, Бірінші лицейдің бастауыш сынып мұғалімі:

-Бірінші ұстаз баланың екінші анасы сияқты ғой. Өйткені, бала да, мұғалім де көп уақытын мектепте бірге өткізеді. Сондықтан бүгінгі мектепке келген оқушылар осы жерге тез үйреніп, білім алуға ынта білдірсе екен деймін.

Бүгінгі салтанатты шара алдымен осы бірінші сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндерге арналған. Сыңғырлаған қоңырау он бір жылға созылатын білім кемесінің сапарын бастады. Ал 11 сынып оқушылары үшін биыл мектеп қабырғасындағы ақырғы жыл өтеді. Сондықтан әр күнді есте қаларлықтай мазмұнды өткеруге әуелден даярланған жөн.

Авелина Рожнова, Бірінші лицей оқушысы:

-Мен осы жылды барынша жақсы аяқтау үшін барымды саламын. Сондай-ақ бүгін біз үшін алғашқы қоңырау 11-ші рет соңғырлып отыр. Әр минутты есте сақтау керек деп ойлаймын.

Биыл Бірінші лицейдің ашылғанына 20 жыл толады. Бірім ордасы Тәуелсіз мемлекетімізбен түйдей құрдас. Осы жылдар ішінде ұжым біраз жетістіктерімен көзге түскен.

Елена Коноплева, Бірінші лицей директоры:

– Біздің сыныптарымыздың негізгілері математикалық бағытта. Сондықтан оқушыларымыз олимпиада, жарыстарға қатысу, Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруда аса қинала қоймайды. Биыл да түлектеріміздің басым бөлігі Қазақстан мен Ресейдің оқу орындарында тегін оқитын болды. Шетел асқандары да бар.

Мектептегі бірінші сабақ та өте қызықты өтті. Әрине, 45 минут бір орында тапжылмай отыру оңай шаруа емес. Бірақ ата-аналарының ақылдарын тыңдап келген балалар намысқа тырысып бағуда.

Андрей Сазанов:

-Мен бірінші лицейге оқуға келгеніме қуаныштымын. Жаңа достар таптым. Менің ағам мен әпкем де осы лицейді аяқтаған. Мен де жақсы бағалар аламын деп ойлаймын.
Никита Ерошкин
:

Мен тек 5 қана алатын боламын. Сонда ата-анам мен ұстазым қуанатын болады. 

Кішкентай ғана балалар үлкен мақсаттарын ұстаздарына да айтып берді. Бұл мақсатқа олар бірге жол тартпақ.

Әсем Рахметова