ТКШ

Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы

Жуков көшесіндегі 21

-ші үй 1992 жылы салынған. Тоғызқабатты бұл үйдегі жеделсаты осы күні апаттық жағдайда. Көтергіш механизм істен шыққан, жеделсаты шаруашылығының көптеген маңызды бөлшектері ұрланған. Тұрғындардың айтуына қарағанда лифтінің істемей тұрғанына біраз жыл

 

болыпты.

Любовь Проскурякова:
Бүгінгі күні бұл мәселе өзекті тұр. Көптеген тұрғындар жеделсатымен жүргілері келеді. Біздің подъезде ғана лифт көп жылдан бері істемей тұр.  

Зинаида Черемисина:
Біз мамандарды шақыртып, жоба-сметалық құжатын жасадық. 1 800 000 теңге деп есептеп шығарды. Мұндай ақшаны қайдан аламыз.  

Жеделсатының жалпы пайдаланылу мерзімі 25 жыл. Кейін оны ауыстыру қажет. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында енді тек шатырды ғана емес, жеделсаты шаруашылығын да жөндеп алу мүмкіндігі туып отыр. Барлығы облыс орталығында қазіргі күні 43 лифт күрделі жөндеуді қажет етеді.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
-Бір лифтіні жөндеуге орташа алғанда 1 500 000 теңге қажет.
Қазір бағдарлама аясында біз жеделсатыларды жөндеуге қаржы бөле аламыз. Шығынның бір бөлігін әлеуметтік көмек ретінде бюджет жабады. Сондықтан тұрғындарға қаржы бөлуге мүмкіндігіміз бар. Бағдарламаны жүзеге асыру биыл ғана басталғандықтан, қаржы үстемеақысыз беріледі. Мемлекет шығынды өтеуде көмек ұсынып отыр, бұл ретте ниет танытқандар саны өседі деп ойлаймыз.

Бағдарламаға кез келген үйдің тұрғындары қатыса алады.

Сергей Худяков,  пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының төрағасы:
-Бірінші кезекте сіздердің шешімдеріңіз қажет.
Тұрғындардың үштен екі бөлігі келісімін берсе, лифтіні жөндеуге смета дайындау керек. Осындай шешім қабылдадық деген хаттама дайын болған жағдайда, кооператив төрағасы жеделсаты жөндейтін кәсіпорынға смета дайындауға тапсырыс береді. Бір аптадан кейін қажетті қаржыны бөлеміз. Сіздер сметаны бекіткеннен кейін, әр пәтер иесі төлейтін қаржы сомасы есептеледі. Сөйтіп, лифтіні жөндеуге берілген қаражатты өтеуде әрбір пәтердің үлесі анықталады.

Сонымен қатар тұрғындардың несиені өтеу үшін өздеріне ыңғайлы кестені бекіту мүмкіндігі бар. Берешекті қайтару мерзімі – жеті жыл. Айту керек, бұл бағдарлама әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін де қолжетімді.

Сергей Худяков, жеке пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының төрағасы:
Егер жөндеу жұмыстары қымбатқа түсіп, төлемдер отбасы кірісінің 10 пайызынан асып кетсе, айырмасын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлейді. Бағдарлама әреуметтік аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек.

Айымгүл Әбілева