Құқық қорғау органдары

«Мигрант»

 

 

 

Полицейлер облыс базарлары мен вокзалдарын және гастарбайтерлер шоғырланатын басқа да орындарды тексерді. Сонымен қатар жұмыс күші ретінде шетел азаматтарын пайдаланатын құрылыс нысандарында, ойын-сауық орындарында рейдтік шаралар өткізілген. Жедел алдын алу операциясы нәтижесінде ҚР  аумағында болу ережесін бұзғаны үшін 270 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым көпшілігі ТМД елдерінің азаматтары. Сондай-ақ, 4 шетелдік еліміздің аумағынан шығу туралы сот шешімін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Шетел азаматтарының тарапынан көші-қон заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін 279 республика тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды. 6 жерлесіміз шетелдің жұмыс күшін қолдану және пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аяқталғанымен, көші- қон полицейлері бұл бағыттағы күнделікті жұмысты жалғастыра бермек.

Гүлмира Шоқтыбаева